Семей қалалық салық комитеті кәсіпкерлерге арнап ашық есік күнін өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қалалық салық комитеті кәсіпкерлерге арнап ашық есік күнін өткізді

Семей қалалық салық комитеті кәсіпкерлерге арнап ашық есік күнін өткізді

Семей қалалық салық комитеті жергілікті кәсіпкерлерге арнап ашық есік күнін өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне салық комитетінің төрағасы Мейрамхан Қадырбаев хабарлады.

  • 9 Шiлде 2004
  • 729
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында 50-дей кәсіпкер фискалдық мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпкерлер салық мәселелері бойынша түсініктемелер алды.

М.Қадырбаевтың айтуынша, ашық есік күніне келген кәсіпкерлер де іс-қызметті жеңілдетуге бағытталған өз ұсыныстарын ортаға салды. Олардың басым бөлігі Салық заңнамасын жетілдіру бағытында. «Бұл ұсыныстарды біз парламентке ұсынуға тырысатын боламыз»,- деді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, тіркеуден өткен салық төлеушілер саны бір жылда 20 процентке артқан. Бір кәсіпкер орта есеппен қала бюджетіне 81 мың теңге қосуда. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 15 процент артық,- деді М.Қадырбаев.

Перейти к новостям спорта