Семей қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 5026 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 5026 адамға жетті

Семей қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 5026 адамға жетті

2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен, Семей қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 5026 адамға жетті. Бұл 2003-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11,7 процентке кем. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық статистикалық бөлімнен хабарлады.

  • 24 Наурыз 2004
  • 786
Фото - Caravan.kz

Тіркеуде тұрған жұмыссыздардың 63,1 процентін (3173 адам) әйелдер құраса, олардың әрбір бесіншісі ауыл тұрғындары. 2004-жылдың 1-наурызында қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерге деген сұранысы 483 адам болды. Бір орынға орта есеппен тіркеуде тұрған 10 жұмыссыз таласты.

Қалалық статистикалық бөлімнің мәліметіне сәйкес, 2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен, түрлі экономикалық себептерге байланысты қалада жалпы саны 936 адам жұмыс істейтін 5 кәсіпорын жұмысын тоқтатты. 6 кәсіпорын жартылай жұмыс жүргізуде. Бұл кәсіпорындарда 1637 адам жұмыс істейді. 122 адамды жұмыспен қамтып отырған екі кәсіпорын жартылай жұмыс күні режиміне көшті. 2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен, 1155 адам мәжбүрлі демалысқа шықты.

Соңғы жаңалықтар