Жарияланды: 590

Семей қаласын жарықтандыруға қалалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді

Семейде қаланы жарықтандыру жұмысы қолға алды. Жарықтандыруға қалалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Электр шамдарын қалпына келтіруге 8 млн.теңге, жарықтандыру құралдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге 17 млн теңге, электр ақысы үшін 16 млн теңге бағытталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Әбішев хабарлады.

Қаланың Семей-Алматы, Семей- Өскемен және Семей-Павлодар трассаларынан бастап барлық ауданы жарықтандырылуы қажет. 1999 жылы қала қазынасындағы қаржы тапшылығына байланысты қаладағы электр бағаналарының 60% жеке меншік кәсіпорындар иелегіне берілген. Алайда олар өздеріне жүктелген міндетті атқара алмай отыр. Семей қаласының шеткі аудандарындағы көшелер жарықсыз қалып келеді. Бауыржан Әбішевтің айтуына қарағанда, жеке меншікке берілген электр бағаналарын қайта коммуналдық шаруашылық мекемесінің құзырына беру мәселесі қазір қаралып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін