Семей қаласындағы 156/14 тузету колониясынан қашуға әрекет жасаған бір жазасын өтеуші ұсталған сәтте өзін-өзі пышақтап қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласындағы 156/14 тузету колониясынан қашуға әрекет жасаған бір жазасын өтеуші ұсталған сәтте өзін-өзі пышақтап қайтыс болды

Семей қаласындағы 156/14 тузету колониясынан қашуға әрекет жасаған бір жазасын өтеуші ұсталған сәтте өзін-өзі пышақтап қайтыс болды

Семей қаласындағы 156/14 тузету колониясынан қашуға әрекет жасаған бір жазасын өтеуші ұсталған сәтте өзін-өзі пышақтап қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семейдегі түзету мекемелерінде заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор Айтмағамбет Серғазин хабарлады.

  • 25 Ақпан 2004
  • 584
Фото - Caravan.kz

Прокурордың айтуына қарағанда, 1966-жылы туған сотталған азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің заңсыз есірткі саудасы жөніндегі 259-бабы, 4-тармағына сәйкес 1999-жылы 7 жылға бас бостандығынан айрылған. 2004-жылғы қаңтардың 26-сы күні ол колония территориясында жүрген Уаз-452 көлігінің кузовына жасырынып, көлікпен бірге колониядан шығып кетуге әрекет жасайды. Көлікті бақылау пунктінде тексеру кезінде колония күзетшілері жасырынған адамды байқап қалады. Сол мезетте сотталған адам өзін-өзі пышақтап жіберген. Жазасын өтеуші оқиға орнында көз жұмды.

А.Серғазиннің айтуынша, осы оқиға бойынша әділет министрлігінің қылмыстық атқару комитеті өкілдерінен тұратын топ құрылған. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі деп танылған 5 колония қызметкері, соның ішінде ОВ 156/14 түзету мекемесінің басшылығы өкілдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Бүгінгі күні түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер ешқандай кәсіппен айналыспайды, жұмыс жоқ. Бұрын болған цехтардың бәрі қазір жабылып қалған. Сотталғандар уақыттарын қалай өткізуді білмей, мезі болады. Колонияларда жиілеп кеткен тәртіп бұзушылық, қылмысты оқиғалардың шығу себебі жұмыстың жоқтығында жатыр»,- дейді Айтмағамбет Серғазин.

Соңғы жаңалықтар