Семей қаласының 2003 жылға арналған өндірістік индикативтік жоспары 440 млн теңгеге орындалған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласының 2003 жылға арналған өндірістік индикативтік жоспары 440 млн теңгеге орындалған жоқ

Семей қаласының 2003 жылға арналған өндірістік индикативтік жоспары 440 млн теңгеге орындалған жоқ

Семей қаласының 2003 жылға арналған өндірістік индикативтік жоспары 440 млн теңгеге орындалған жоқ. Өткен жылы Семейдегі 42 ірі кәсіпорынның 16-сы өндіріс көлемін 3,6 млрд. теңгеге төмендетіп алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктің экономика бөлімінің бастығы Исламбек Қараханов хабарлады. Олардың қатарында "Семей су"ЖАҚ ( 2042 млн. теңге), " Шүлбі ГЭС" ААҚ (276 млн. теңге), "Жаңасемей шпал зауыты" ( 358 млн. теңге), "ФИК Алел" АҚ (123 млн. теңге), "Тері-былғары комбинаты" (154,4 млн теңге), "Каполиграф" (151 млн. теңге) және басқалар бар.

  • 31 Қаңтар 2004
  • 553
Фото - Caravan.kz

Шағын бизнес нысандарындарында өнім өндіру көлемі 4,7% ұлғайды. Шағын бизнес кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындары пайда болғанмен еңбекке

тартылғандар саны 5% ғана көбейген. Басқа салалалармен салыстырғанда ең төменгі еңбекақы шағын бизнес кәсіпорындарында тіркелген. Атап
айтқанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, сауда және қызмет көрсету орындарындағы орташа еңбекақы 8272 теңгені құрайды.
Исламбек Қарахановтың айтуынша, қаланың 2004 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған индикативтік жоспарында
өндірістік өнімді 25,9 млрд. теңгеге немесе 7,5% , шағын бизнес кәсіпорындары өнімін 10% өсіру қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар