Жарияланды: 590

Семей қаласының 2004-2006 -жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарына сәйкес мектептер санын арттыру көзделіп отыр

Семей қалалық мәслихатының 4-сессиясында қаланың 2004-2006 -жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспары бекітілді.

Қалалық әкімшіліктің экономика комитетінің бастығы Исламбек Қарахановтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қазір қаладағы мектептер саны таяуда пайдалануға берілген Бобровка ауылындағы мектеп пен ОВ 156/15 және ОВ 156/14 түзету мекемелеріндегі кешкі мектептерді қосқанда 93-ке жетті. Білім беру процесінің сапасын жақсартып, мектеп оқушыларының заман талабына сай білім алуына жағдай тудыру мақсатымен алдағы жылдары қала маңындағы ауылдардың бірқатарында білім мекемелері ғимаратының құрылысын қолға алу көзделуде. 2004- жылы Шүлбі ауылында 80 орынға есептелген балалалар үйінің құрылысын бастау, Қайнар ауылындағы орта мектеп жанынан интернат ашу жоспарланған. "Ауыл мектебі" бағарламасы негізінде 2005-жылы Жарқын ауылында 120 оқушыға, ал 2006-жылы Айнабұлақ ауылында 100 орынға есептелген орта мектеп салу белгіленді. Орта білім беретін мекемелер қатарын көбейту 2006-жылы Восточный поселкесінде басталатын 960 орынға арналған мектеп есебінен жүзеге асырылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін