Бюджетті толықтырудың басты көзі -салықтан түсетін түсім . Сондықтан салықтардың толық көлемде, талапқа сай жиналуы қатаң қадағалау нәтижесінде жүзеге аспақ. Оның ішінде акциз салығының болжамы 593 млн. 2 мың теңге, жеке меншікке салынатын салық 555,3 млн. теңге болып айқындалды.
Қаланың басты қаржылық құжаты алдағы 3 жылдық мерзімге арналған Семейді әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативті жоспарының негізінде жобаланды.
Қала бюджетінің шығыс бөлігінде еңбекақы қорынан бюджеттік мекемелердегі жұмысшылар жалақысын 20%-ке, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 50%-ке өсіру ескерілді. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 310 млн. 6 мың теңге мақсатты трансферттер бөлу қарастырылды. Оның 3,5 млн. теңгесі мүмкіндіктері шектеулі балалаларға арналған сауықтыру бөлмесін ашуға бағытталады.
Семей қаласына облыстық бюджеттен 200 млн. теңге денешынықтыру кешенінің құрылысын бастауға, балалалар интернатының қазандығын жөндеуге 4 млн. теңге, спорт мектебін қалпына келтіруге 4 млн. 9 мың теңге, сонымен бірге тазарту қондырғысының құрылысын аяқтауға 536,3 млн. теңге қарастырылды.