Семей қаласының 2004-жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігі 5 млрд 445 млн 5 мың теңге болып белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласының 2004-жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігі 5 млрд 445 млн 5 мың теңге болып белгіленді

Семей қаласының 2004-жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігі 5 млрд 445 млн 5 мың теңге болып белгіленді

Семей қаласының 2004-жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігі 5 млрд 445 млн 5 мың теңге болып белгіленді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 165 млн. 6 мың теңгеге, немесе 5 процентке артық. Бұл жайында KZ-today тілшісіне қалалық қаржы бөлімінің бастығы Нәзигүл Жүнісова хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бюджетті толықтырудың басты көзі -салықтан түсетін түсім . Сондықтан салықтардың толық көлемде, талапқа сай жиналуы қатаң қадағалау нәтижесінде жүзеге аспақ. Оның ішінде акциз салығының болжамы 593 млн. 2 мың теңге, жеке меншікке салынатын салық 555,3 млн. теңге болып айқындалды.

Қаланың басты қаржылық құжаты алдағы 3 жылдық мерзімге арналған Семейді әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативті жоспарының негізінде жобаланды.
Қала бюджетінің шығыс бөлігінде еңбекақы қорынан бюджеттік мекемелердегі жұмысшылар жалақысын 20%-ке, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 50%-ке өсіру ескерілді. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 310 млн. 6 мың теңге мақсатты трансферттер бөлу қарастырылды. Оның 3,5 млн. теңгесі мүмкіндіктері шектеулі балалаларға арналған сауықтыру бөлмесін ашуға бағытталады.
Семей қаласына облыстық бюджеттен 200 млн. теңге денешынықтыру кешенінің құрылысын бастауға, балалалар интернатының қазандығын жөндеуге 4 млн. теңге, спорт мектебін қалпына келтіруге 4 млн. 9 мың теңге, сонымен бірге тазарту қондырғысының құрылысын аяқтауға 536,3 млн. теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар