Семей қаласының әкімі "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман қорығының жұмысын сын тезіне салды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласының әкімі "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман қорығының жұмысын сын тезіне салды

Семей қаласының әкімі "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман қорығының жұмысын сын тезіне салды

2003-жылдың сәуір айында ҚР үкіметінің қаулысымен Шығыс Қазақстан облысында құрылған "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман қорығының жұмысына Семей қалалық әкімшілігі тарапынан қанағаттанарлықсыз деген баға берілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 1005
Фото - Caravan.kz

Семей әкімі Амангелді Қажыбаевтың атап көрсетуінше, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы жұмыс істей бастағалы 5 айдың ішінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 30 процентке артқан. Мамандардың хабарлауынша, кәсіпорын құрылғаннан бері орман өрттерінің саны мен табиғат қаскөйлерінің орманды құрту оқиғалары жиілеп, қарағайлы ну аумағында шыққан өрттерді жою және олардың алдын алуға дайындықтың осалдығы байқалған.

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы жұмыс істей бастағалы бері қарағайлы ну аумағында 285 өрт тіркелсе, олардың 90 проценті резерват құрылған алғашқы 3 айда белең алған. Соның салдарынан мемлекетке келген шығын көлемі 19 млн. теңгені құрады. 148 адамға әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Сондай-ақ, Семей әкімі «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы құрылғаннан бері талдаушы топтың мүлдем жұмыс тындырмағанын қатаң сынға алды.
Табиғи орман қорығының бас директоры Жұмажан Әубәкіров өз мекемесіндегі сын көтермейтін ахуалды қаржы тапшылығымен, арнаулы техниканың жоқтығымен, сондай-ақ, арнаулы мамандар жетімсіздігімен байланыстырып түсіндіреді. Қала әкімінің айтуынша, қорық жұмысының нашарлығына Жаңасемей ауданында шыққан өрт оқиғасы дәлел бола алады. Ондағы орман өртін сөндіруге шамамен 1 аптадай уақыт сарп етілді.

Соңғы жаңалықтар