Жарияланды: 490

Семей қаласының денсаулық сақтау саласына 2004-жылға 1 млрд 464 млн 212 мың теңге қарастырылды

Семей қаласының денсаулық сақтау саласына 2004-жылға 1 млрд 464 млн 212 мың теңге қарастырылып отыр. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 19%-ке көп. Бюджеттен бөлінетін қаржы ақысыз медициналық көмек көрсетуге қажетті қаржының 70%-ін ғана құрайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне денсаулық сақтау басқармасының бастығы Төлеухан Нұрмағамбетов хабарлады.

Емдеу орындарын дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 91,2 млн теңге, республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бағытталды. Төлеухан Нұрмағамбетовтың айтуынша, бұл қаржы жетпейді. Сондықтан көптеген емдеу мекемелері ақылы қызмет түрлерін енгізуге мәжбүр. Қаржы тапшылығы қаладағы емдеу мекемелеріндегі медициналық жабдықтарды жаңартуға да мүмкіндік бермей келеді. Маселен қызметіне 30 жылдан асқан қаладағы №3-перзентхана қазіргі заманғы медициналық жабдықтарға зәру. Ондағы наркоз аппараты ескірген. Шала туған сәбилер өмірін сақтап қалатын кювез жеткіліксіз, перзентханада бір ғана кювез аппараты бар. Перзентханада УЗИ жабдығы күні бүгінге дейін жоқ. Емделіп жатқан жүкті айелдер ультрадыбыстық тексерілуден өту үшін диагностикалық орталыққа қатынайды. "Узи жабдығына қатысты мәселені біз бірнеше жыл бойы көтеріп келеміз, денсаулық жылына үміт артып едік, ол жылы да шешілмеді. Бұл жабдықтың жоқтығы көп жұмыстарымызға кедергі келтіріп отыр",-деді перзентхананың дәрігер-эксперті Дәмира Оспанова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін