Жарияланды: 360

Семей қаласының орталығында тұратын тұрғындар айт мерекесін жылусыз қарсы алды

Семей қаласының орталығында тұратын тұрғындар айт мерекесін жылусыз пәтерлерінде қарсы алды. Ауаның температурасы күрт төмендеп , 25-30 градусқа дейін аяз болып тұрғанда, пәтерлердегі сынап бағанасы 6-8 градустан көтерілген жоқ.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығы Бауыржан Әбішев бұл жағдай осы ауданды жылумен қамтамасыз ететін №103 жылу қазандығында болған апатқа байланысты туындады дейді. №103 қазандығында соңғы 2 аптаның ішінде 2 апат тіркелді. Алғашқысында электр тарату жуйесі істен шығып, қазандық жұмысы 6 сағатқа тоқтылған болатын. Ақау қалпына келтірілгелі бір апта өтпей жатып тұрғындар тағы да жылусыз қалды. "Тозығы жеткен жылу құбырларының жарылу оқиғалары жиілеп кетті . Әлі де жөндеуді, ауыстыруды қажет ететін ескірген құбырлар жеткілікті",-дейді коммуналдық басқарма бастығы. Ал тұрғындар болса, төлеп отырған ақыларына сай сапалы қызмет талап етуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін