Семей қаласының орталығында тұратын тұрғындар айт мерекесін жылусыз қарсы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласының орталығында тұратын тұрғындар айт мерекесін жылусыз қарсы алды

Семей қаласының орталығында тұратын тұрғындар айт мерекесін жылусыз қарсы алды

Семей қаласының орталығында тұратын тұрғындар айт мерекесін жылусыз пәтерлерінде қарсы алды. Ауаның температурасы күрт төмендеп , 25-30 градусқа дейін аяз болып тұрғанда, пәтерлердегі сынап бағанасы 6-8 градустан көтерілген жоқ.

  • 3 Ақпан 2004
  • 348
Фото - Caravan.kz

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығы Бауыржан Әбішев бұл жағдай осы ауданды жылумен қамтамасыз ететін №103 жылу қазандығында болған апатқа байланысты туындады дейді.

№103 қазандығында соңғы 2 аптаның ішінде 2 апат тіркелді. Алғашқысында электр тарату жуйесі істен шығып, қазандық жұмысы 6 сағатқа тоқтылған болатын. Ақау қалпына келтірілгелі бір апта өтпей жатып тұрғындар тағы да жылусыз қалды.
«Тозығы жеткен жылу құбырларының жарылу оқиғалары жиілеп кетті . Әлі де жөндеуді, ауыстыруды қажет ететін ескірген құбырлар жеткілікті»,-дейді коммуналдық басқарма бастығы.
Ал тұрғындар болса, төлеп отырған ақыларына сай сапалы қызмет талап етуде.

Соңғы жаңалықтар