Семей төтенше жағдайлар басқармасы АН-24 ұшағының Семей әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей төтенше жағдайлар басқармасы АН-24 ұшағының Семей әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығаруда

Семей төтенше жағдайлар басқармасы АН-24 ұшағының Семей әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығаруда

Семей. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семей төтенше жағдайлар басқармасы АН-24 ұшағының Семей әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығаруда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 792
Фото - Caravan.kz

«Бұл — жай қону болды. Ұшаққа қатысты ештеңе болған жоқ», — деді Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Марат Дүкенев.

Оның айтуынша, ұшақ Алматыдан шыққан кезде («Скат» әуекомпаниясының Алматы-Семейц бағытында ұшатын №735 рейсі) Алматы әуежайының ұшу-қон алаңынан жарылған резеңкенің кесектері табылған. «Ұшақтың бір дөңгелегінің баллоны жарылған болуы мүмкін деген күдік туды. Алайда, ұшақ қонған кезде бұл күдік расталған жоқ», -деді М. Дүкенев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Семей әуежайында АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды, зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлады кеше агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Семей әуежайында (Жаңа Семей ауданы) 21 қыркүйекте сағат 12.03-те сол жақ шассидің дөңгелегі жарылуы салдарынан Алматы-Семей бағытында қатынайтын»Скат» әуекомпаниясының АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды.

Ұшақ бортында экипаждың 4 мүшесі мен 22 жолаушы болған. Ұшақ апатты жағдайда сәтті қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар