Семей тұрғындары орталық алаңның қайта жөнделуіне қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей тұрғындары орталық алаңның қайта жөнделуіне қарсы

Семей тұрғындары орталық алаңның қайта жөнделуіне қарсы

 

  • 22 Шiлде 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

Семейліктер қаладағы орталық алаңның қиратылуына қарсы. Жергілікті билік алаңды сүрмек түгілі, оны қоршап тұрған шыршаларды да түбірімен алып тастайтын боп шешкен. Алаңның орнына жаңа Субұрқақ тұрғызылмақ. Қала сәулетіндегі осындай өзгерістерге жергілікті халықтың біразы қарсы боп шықты. 

Санаулы күннің ішінде Семей әкімдігі алдындағы орталық алаңның күл-талқаны шықты. Бетон кірпіштері бір бұрышта үйіліп тұр. Ескі су бұрқағы да бұзылған. Енді алаңды қоршап тұрған шыршалар да шабылмақ.

Болат Жапаров, Семей қаласының тұрғыны:

-Басқа жұмыстар да бар ғой. Мысалы мен Аягөз көшесінде тұрамын. Ондағы колонка 1 ай тұрды істемей. Мында келді да дайын нәрсені бүлдіріп жатыр. 

Орталық алаң былтыр ғана күрделі жөндеуден өтіпті. Енді оның биыл қопарылып жатқанын көрген жұрт мұны мемлекет ақшасын желге ұшыру деп отыр. 

Мұрат Қамзин, Семей қаласының тұрғыны:

-Мынаалаң әлі бес жыл тұруға болатын еді. Халық күнделікті нанын таба алмай жүргенде, мына біреу алаңда неменеге серуендейді?! Үйде тамағы толып тұрса, жұмысы болса келіп серуендеуге болады.  


Семейдегі қоғамдық ұйымдар басшылықты шақырып, қала сәулетіндегі өзгерістер жайын тұрғындарға түсіндіріп беруін сұраған. Алайда жиында әкімдіктен ешкім төбе көрсетпеді. Ақыры наразы топқа мәселенің мән-жайын депутаттардың біріне түсіндіруге тура келді.   

Рафаил Хазипов,Семей қалалық Мәслихатының депутаты:

-Мұндай фонтан бізде болған емес, жергілікті бюджетте ақша жоқ оған. Қаржы орталықтан бөлініп отыр, қуану керек қой қайта. Қане кім қарсы?

Депутаттың айтуынша, түрлі шамдармен көмкерілетін ғаламат субұрқақ ел тәуелсіздігі мен Семей ядролық полигонының жабылуына 20 жыл толуына орай тұрғызылып, қаланың жаңа сәнді ескерткішіне айналмақ.

Соңғы жаңалықтар