Жарияланды: 490

Семей тұрғыны иесіз жатқан жерді халық игілігіне жаратты

Семей қаласының тұрғыны жерлестеріне ерекше сый жасады. Берікхан Жұмаділов Ертіс өзенінің жағасында қоқысқа толы шұңқырды тазартып, сол жерді балалар алаңына айналдырған. Қажетті қаржыны да өз қалтасынан шығарыпты. Бұл игі іске семейлік бөбектер дән риза.

Бұрын  бұл жерде қоқысқа толы шұңқыр болғандығын елестету қиын. Жергілікті тұрғын Берікхан Жұмаділов арықты тазартып, бірнеше тонна құм төсепті. Кейін өз қаржысына құрылыс материалдарын алып, балалар үшін арнайы алаң салуға кіріскен.

Берікхан Жұмаділов, Семей қаласының тұрғыны:

- Осылай жүрсін, ойнасын, далада қаңғырғанша. Аздап ақша салынды. Балалар үшін аяп қалған жоқпын, тек балалар ойнаса болды.

Балалар алаңына арнап Берікхан өз қолымен әткеншек, орындықтар және спорттық жабдықтарды қойған. Тіпті Ертіс өзеніне апаратын 30 метрлік шағын көпір орнатып, кішкентай семейліктерге арнап жағажайжасапты. Иесіз жатқан жерді халық игілігіне жаратқан Берікханның ісіне жергілікті тұрғындардың алғысы шексіз.

Мерей Топишев, Семей қаласының тұрғыны:

- Бұрын бұл жерде шұңқыр болды. Иесіз жатқан жерге ешкім жоламайтын. Оны балалар алаңына айналдырған шеберге ризамыз.

Енді семейлік шебер күзде тағы бір ерекше құрылысты бастағалы отыр. Ол балалар алаңынан аспалы көпір салмақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін