Жарияланды: 560

Семей ұйымдарында метрология және стандарттау жөніндегі заңды бұзу оқиғалары анықталды

Семей. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семей ұйымдарында метрология және стандарттау жөніндегі заңды бұзу оқиғалары анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бір реттік талонмен сауда-саттық жасайтын жеке тұлғалар көп проблема тудырады. Мораторий енгізілуге байланысты оларды жылдың аяғына дейін тексеруге болмайды. Біздің пікірімізше, оларға тек базар басшылары ғана әсер ете алады", -деді ШҚО техникалық реттеу басқармасының бөлім бастығы Рақыш Шомаев. Азық-түлік өнімдерін өндірушілерге тағатын айып көп. 20 жуық кәсіпорыннан тауардың орамасына маркировка жасау талаптарын бұзу оқиғалары байқалды. Метрологтардың тексерулерінің қорытындысы бойынша қалада 7 млн астам теңгенің 37 тауар партиясын сатуға тыйым салынды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін