«Семей заман белестерінде» атты көрме жұмысы ашылады - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Семей заман белестерінде» атты көрме жұмысы  ашылады - ШҚО

«Семей заман белестерінде» атты көрме жұмысы ашылады - ШҚО

2013 жылдың 16 қаңтар айында 16:00-де облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында Семей қаласының « облыстық тарихи-өлкетану мұражайының» 130 жылдығы қарсаңында «Семей заман белестерінде» фотокөрмесінің ашылуы өткізіледі.

  • 24 Қаңтар 2013
  • 489
Фото - Caravan.kz

Көрмеде Семей қаласы тарихи-өлкетану мұражайының алтын қорында сақталып келген Семейде XIX-XX ғасырларда түсірілген бірегей көне фотосуреттермен қатар қаланың жаңа келбеті бейнеленген жаңа фотосуреттер орын алған.

Қаланың кең көлеммен түсірілген көріністері, ғимараттар, көшелер, саябақтар, ескерткіштер, қалалықтар және өлке тарихына қатысты қызықты оқиғалар бойынша жасалған түсірілімдер көрменің негізгі желісін құрайды.
XIX ғасыр соңындағы қаланың шет алқаптары бейнеленген түсірілімдер әуесқой фотосуреткер Ф.Трейеровтың жұмыстары болып саналса, XX ғасырдың бас кезіндегі қала көріністері ескі Семейдегі фотошеберхана иесі И.И Дюковтың және К.Н Могилевцев, Ф.Н Белослюдовтың қолынан шыққан туындылары көрсетілген. Ал жаңа қала бойынша түсірілген заманауи фотосуреттерді фотосуреткер В.Павлунин, Семей қаласы тарихи-өлкетану мұражайының фотосуреткерлері және «Фотолэнд» фотосалоны түсірді.
Фотосуреттердің көмегімен экскурсияға қатысушылар ескі қала келбетімен оның тұрғындарын, осы күнгі көріністермен, ескі көшелерді жаңаларымен салыстыра отырып тамашалауға мүмкіндік алады. Көрме арқылы сондай-ақ, әр жылдарда шығарылған фотоаппарат үлгілерімен де танысуға болады. Өскемендіктер әсіресе кейінгі толқын сандық фотоаппараттардың шыққанға дейінгі ескі үлгілерімен таныса алады. Олар – «Фотокор», «ФЭД», «Смена 8М», «Зенит» және тағы да басқа, біздердің ата-әжелерімізді әйгілі – «Әне ,әне, құс ұшып шықты!»- деп алдаусыратып суретке түсірген көне фото жабдықтар.
Көрме арқылы Семей қ. өлкетану мұражайының қорынан және Анатолий Михайлович Хмелев пен Евгений Николаевич Михайлов тәрізді топтама жинақтаушылардың отбасылық мұрағаттарынан алынған фотосуреттер таныстырылады.

Перейти к новостям спорта