Семей жасөспірімдері 3000 Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады. - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей жасөспірімдері 3000 Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады.

Семей жасөспірімдері 3000 Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады.

Семей қаласында Kazakhstan Speedcubing Federation командасы алты жарым сағат ішінде 3000 Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады. Панноның биіктігі 2,8 м және ұзындығы 3,3 м.

  • 30 Қараша 2021
  • 370
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кубик жинаушылар туындыны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнады, деп хабарллайды Caravan.kz медиа порталы.  

Команда құрамына 11 сынып оқушылары Ертұрсынов Әлихан, Мырзакаримов Әмір, сондай-ақ "Елбасы медалі" жобасының қола деңгей қатысушысы Расчетов Павел және колледж студенттері Рахатов Дильмар мен Казез Жанат кірді.

Бұл – олардың биыл жасаған 4-жұмысы. Бұған дейін олар көрермен қауымға жеңіс күніне орайластырылған Әлия Молдағұлова, ақын-ағартушы Абай Құнанбаев және Әлихан Бөкейхановтың туған күніне арналған панно ұсынған.

Жұмыстардың негізгі мақсаты — Қазақстанда "Спидкубингті" насихаттау.

 

Соңғы жаңалықтар