Семейде 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тағы да тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тағы да тіркелді

Семейде 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тағы да тіркелді

Бүгін, 1-қазанда Семей аумағында жер сілкінісіболды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 1 Қазан 2003
  • 494
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Ресейдегі Алтай аймағы аумағында орналасқан. Рихтер өлшемі бойынша 3-4 баллдық жер сілкінісі Астана уақытымен 8 сағат 15 минутта болған. Семейге бұл жер сілкінісі 1-2 балл қуатпен сезілді деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында 29-қыркүйекте Астана уақыты бойынша 22 сағат 29 минутта Рихтер өлшемі бойынша 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді. Ресей аумағындағы Алтай тауларындағы жер сілкінісі ошағында сілкініс қуаты 4-5 баллды құраған.
27-қыркүйек, сенбі күні Шығыс Қазақстан облысында Астана уақытымен 18 сағат 35 минутта Рихтер өлшемі бойынша 3-4,5 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің кіндігі — Таулы Алтай жотасында , солтүстік ендіктің 49 градус 58 минуты мен шығыс бойлықтың 87 градус 54 минутында, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 1080 , Өскеменнен шығысқа қарай 370 шақырымда болды. Өскемен және Зайсанда сілкініс қуаты 3 баллды, Зырян және Семейде 3-4 баллды құрады. Сондай-ақ, 28-қыркүйекте түнгі сағат 2-де жер асты дүмпуін сезінген Өскемендік көп қабатты үйлердің тұрғындары далаға қашып шыққан.

Соңғы жаңалықтар