Семейде 18 жастағы қыз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Семейде 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Қазір қызды тәртіп сақшылары іздеп жатыр.

  • 18 Сәуiр 2018
  • 139
Фото - Caravan.kz

Семейде 18 жастағы қыз бала жоғалып кетті. 16 сәуір күні үйінен шыққан қыз сол күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Із-түзсіз жоғалып кеткен Әйгерім Амренова қаладағы колледждердің бірінде білім алады. Қазір қызды тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Бүгін қызды іздеу жұмыстарына қаладағы "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының мүшелері де шықпақ.

«Ата-анасы мен туған-туыстары да іздеп жатыр. Қазір оның ұялы телефоны өшіп жатыр. Сондықтан хабарласа алмай жатырмыз. Табылып қалады деген үміт бар. Кешкі сағат 18.00-де қозғалыс мүшелері мен еріктілер Әйгерімді іздеуге шығамыз», — деді қозғалыс жетекшісі Евгения Павел.

Әйгерімнің бойы — 167 см, орташа денелі, шашының түсі қоңыр, көзі жасыл, оң жақ бетінде меңі бар. Жалғыз баласынан көз жазып қалған ата-ана ол туралы қандайда бір ақпарат табылса 8 747 349 57 17, 8 702 141 22 50 нөміріне хабарласуды сұрайды. 


Оқи отырыңыз:

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды
Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды
Ер азаматтардың басты қорқынышы анықталды

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар