Семейде 20 пәтер тонау оқиғаларына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 20 пәтер тонау оқиғаларына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Семейде 20 пәтер тонау оқиғаларына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Семейлік тәртіп сақшылары 20 пәтер тонау оқиғасына қатысы бар қылмыстық топтың екі мүшесін құрықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, топ құрамында үш адам болған. Қазіргі жағдаймен олардың екеуі ұсталып, үшінші жүргізушісіне іздеу жарияланды. Тергеу барысында белгілі болғанындай, қылмыстық топ тонаушылықпен шұғылдана бастағалы бір жылдан асқан. Тәртіп сақшылары әзірге 20 оқиғаны дәлелдеп отыр. Алайда, Семей ІІБ Затон полиция бөлімшесінің тергеушісі Айбек Айдыновтың пайымдауынша, аталмыш сан бұдан да арта түсуі мүмкін.

Тергеушінің айтуынша, қылмыскерлер пәтерлерден көбінесе тұрмыстық техникаларды, зергерлік бұйымдар мен киім-кешектерді тонап отырған. Қылмыскерлер қытай құлып орнатылған пәтерлердің есігіне кілт сәйкестіру арқылы ұрлық жасап келген.
Ұсталған екі адам да бұрындары сотталған нашақорлар болып шықты. Олар уақытша тергеу қапасына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта