Семейде 2006 жылы тіркелген қылмыстар саны 4,4 пайызға төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 2006 жылы тіркелген қылмыстар саны 4,4 пайызға төмендеді

Семейде 2006 жылы тіркелген қылмыстар саны 4,4 пайызға төмендеді

СЕМЕЙ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде тіркелген қылмыстар саны 3842 болып, 2005 жылмен салыстырғанда (4018) 4,4 пайызға төмендеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 396
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хабарламасында қаладағы қылмыстың азаюы «Құқық және тәртіп», «Допинг», «Қару», «Іздеу», «Мал ұрлау» сияқты жедел — алдын-алу шараларын жүргізу нәтижесінде қол жеткізілгендігі айтылған.

Қылмыстық жаза жүктелуге тиіс барлық қылмыстардың 811- ауыр қылмыстар (2005 жылмен салыстырғандағы 14,5 пайызға өскен). Өткен жылы Семейде бөтен мүлікті ұрлау оқиғалары 4,3 пайызға төмендеп, 2143 оқиға тіркелген (алдыңғы жылы — 2050).

ІІБ мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы қалада іздеу салынған 363 қылмыскердің 258-і құрықталған. Есеп беру кезеңі бойынша хабар-ошарсыз кеткен 300 адамға іздеу салынып, олардың 254-нің жүрген жері анықталған.

Семейде өткен жылы 54 адамның өмірін қиған және де 330 адамның жарақат алуына әкеп соқтырған 2941 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 2941 жол қозғалысының ережесін бұзу дерегі анықталып, тіркелген, олардың 885-і жол-көлік ережесін өрескел бұзу дерегі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта