Семейде 2007 жылы тауар өнімін 40 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 2007 жылы тауар өнімін  40 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр

Семейде 2007 жылы тауар өнімін 40 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр

СЕМЕЙ. 24 қаңтар . Kazakhstan Today. Семейде ағымдағы жылы тауар өндіру көлемін 40 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Семей қаласының әкімі Н.Омаров осындай болжам жасап отыр.

  • 24 Қаңтар 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2006 жылы өнеркәсіп өндірісінің өнімі қала бойынша 38,2 млрд. теңгені құраған, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 7,6% жоғары. » Үстіміздегі жылы бұл көрсеткішті 40 миллиардқа жеткізуге барлық мүмкіндік бар», деді әкім.

«Біріншіден, биылғы жылы бес жаңа зауыт, фабриканы іске қосу жоспарда бар, оның ішінде , «Интрада» ЖШС кондитерлік фабрикасы, шағын жүк көлігін және автобустарды құрастыратын автозауыт , пластмассадан өнімдер шығаратын зауыт, қуаты жылына 50 дана кірпіш шығаруға мүмкіндік бертін керамикалық кірпіш зауыты және трактор құрастыру зауытын атауға болады. «Ромат» фирмасының медициналық препараттарын шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отыр», деді Н.Омаров. Оның айтуынша, «қала бойынша өнеркәсіп орындарында қосымша мыңға жуық жұмыс орындары ашылатын болады».

Қала әкімінің хабарлауынша, 2007 жылы Бұлақ ГЭС құрылысының техникалық экономикалық негізін дайындау және жер учаскесіне құжаттарды реттеу әрекеті басталады. «Өндіріс қуаттарын тиімді пайдалану мақсатында және шығарылатын өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін Сүздала кен орнындағы өндірісті кеңейту, силикат және абсоцемент зауыттарының қуаттылығын ұлғайту, ұн-кебек тартатын комбинаттың қуатын күшейту , «Қазполиграф серіктестігінің өнімдерін көбейту арқылы 40 млрд. теңгеге өнім шығаруға мүмкіндік туады»,-деді Н.Омаров.

Перейти к новостям спорта