Семейде 40-тан астам ұрлық оқиғаларына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 40-тан  астам ұрлық оқиғаларына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Семейде 40-тан астам ұрлық оқиғаларына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

СЕМЕЙ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейде 40 астам ұрлық оқиғаларына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей ІІБ Затон полиция бөлімі бастығының орынбасары Бейсен Серғазин хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2006
  • 462
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, тамыздың аяғынан бері Семейде басқаның мүлкін тонау оқиғалары жиілеп кеткен. «Қылмыстардың сипатына қарап біз бұл жалғыз топтың әрекеті екенін бағамдадық»,- деді ол. Шұғыл тергеу шараларының нәтижесінде қылмыскрлер қолға түсті. Ұрылар — Семейдің 30 және 34 жастағы, жұмыссыз екі тұрғыны болып шықты. Екеуі де бұған дейін тонаушылығы үшін бірнеше мәрте сотталған нашақорлар.

Б.Серғазиннің айтуынша, күдіктілер көбінесе тұрғын үйлерде тонаушылық жасаған. Пәтерлерге кілт сәйкестіру немесе есікті бұзып кіру тәсілдері пайдаланылған. Қылмыскерлер тұрмыстық техника, бағалы заттар мен кейде жеке меншік үйлердің ауласында уақытша қараусыз қалған автокөліктердлі тонауды кәсіпке айналдырған.

Әзірге ұрлық қылмыстарына қатысты 40 эпизод анықталды. Олардың саны арта түсу ықтималдығы жоғары, дейді Б.Серғазин. Қазір екі тұтқын да уақытша тергеу абақтысына қамалды, оларға қатысты шұғыл тергеу шаралары жалғасуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта