Семейде 5 жасар бала мен анасы саяжайда тірідей жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 5 жасар бала мен анасы саяжайда тірідей жанып кетті

Семейде 5 жасар бала мен анасы саяжайда тірідей жанып кетті

Семейде саяжай өртеніп, 5 жасар бала мен оның анасы тірідей жанып кетті. Үйде болған тағы бір бүлдіршін газдан уланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

  • 23 Қаңтар 2013
  • 561
Фото - Caravan.kz


Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 3 жасар баланы қызыл жалын құрсауынан құтқарып үлгерді. Түтінге уланған сәби бірден балалар емханасына жөнелтілген. Ал жатын бөлмеден 30 жастағы әйел мен оның 2008 жылы туған баласының күйген денелері табылды. 80 шаршы метрге шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға бір сағатқа жуық уақыт кетті. Мамандар өрт туралы хабардың тым кеш келгенін айтуда. Әйтпесе, ана мен бала өлімінің алдын алуға болар еді,- дейді.

Перейти к новостям спорта