Бұл туралы Stan.kz қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға қаладағы Жаңа Семей көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орын алған. Қалалық құтқару қызметіне пәтер терезесінен баланың құлап кеткені туралы қоңырау түскен.
Анықталғандай, үйде ересектердің қарауынсыз қалған бала төртінші қабаттан дүкеннің шатырына құлап кеткен.
«Бала бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы және басқа жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – делінеді хабарламада.