Семейде 500-ге жуық жеткіншек наркодиспансерде есепте тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  500-ге жуық жеткіншек наркодиспансерде есепте тұр

Семейде 500-ге жуық жеткіншек наркодиспансерде есепте тұр

СЕМЕЙ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Семейде 500-ге жуық бала наркодиспансерде есепте тұр. Бұл жөнінде дәрігер-нарколог Гүлнәр Асылбекова хабарлады.

  • 6 Шiлде 2006
  • 468
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, есепте тұрған 14 балаға «маскүнем» деген диагноз қойылған.

Есепке алынғандар 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Г. Асылбекованың мәліметіне қарағанда, нашақорлықтың алдын алу мақсатында және маскүнемдікті ауыздықтау үшін наркологиялық диспансер Семейдегі 12 аула клубымен қарым-қатынас орнатқан. Әр клубқа дәрігер бекітілген. Ақ халаттылар балалармен үнемі нашақорлықтың кесірі жайында әңгіме жүргізеді,-дейді Г.Асылбекова.

Нарколог-дәрігердің айтуынша, есірткіге тәуелділік неғұрлым ертерек анықталса , сауығып шығу мүмкіндігі артады.

Перейти к новостям спорта