"Ең алдымен Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Бұл аймақтың адамдары бұл жайлы көп айтып жүргенін білемін. Бұл аймақта мәселе жетерлік екенін де жақсы білемін", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы: «Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады»,- деді.