Семейде алаяқ келіншек зейнеткерден Т269 мың қаражатын жымқырып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде алаяқ келіншек зейнеткерден Т269 мың қаражатын жымқырып кеткен

Семейде алаяқ келіншек зейнеткерден Т269 мың қаражатын жымқырып кеткен

Семейде екі әйел өздерін әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлеріміз деп таныстырып, жалғыз басты зейнеткерден Т269 мың қаражатын жымқырып кеткен, деп қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Өткен аптаның соңында екі жас келіншек өздерін дәрігер және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріміз деп таныстырып, жалғыз басты зейнеткердің пәтеріне кірген… және оған алдағы ақшалай реформаның болатынғын айтып, кемпірден бар ақшасын көрсетуін сұраған. Содан кейін олардың біреуі медициналық тексеру керек деген желеумен кемпірді ванна бөлмесіне кіргізгенде, екіншісі барлық ақшаны алып қойған», — деді дүйсенбі күні баспасөз қызметінің жетекшісі Дәулет Садықов.

Д. Садықовтың айтуынша, алаяқтар осындай әдіспен басқа пәтерден де ақша жымқырмақшы болған. Бірақ ол үйдегі кемпір полицияға қоңырау шалған соң, әйелдер тайып тұрған.

Полиция мәліметтерінше, осындай зейнеткерлерді алдау оқиғасы өткен айда Павлодарда тіркелген. Қолда бар белгілері бойынша полиция жастары 25-30-дардағы біреуі еуропалық, екіншісі азиялық пішіндегі екі әйелді іздестіруде.