Семейде әскери бөлімнің жауынгеріне шабуыл жасаған қылмыскерлерді іздеу жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде әскери бөлімнің жауынгеріне шабуыл жасаған қылмыскерлерді іздеу жалғасуда

Семейде әскери бөлімнің жауынгеріне шабуыл жасаған қылмыскерлерді іздеу жалғасуда

Семей қаласы мен оның төңірегінде әскери бөлімнің сақшысына шабуыл жасаған қылмыскерлерді іздестіру жалғасуда.

  • 12 Шiлде 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

Семей гарнизоны әскери полициясы мен Семей ішкі істер органдарының қызметкерлері осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Шілденің 6-сынан 7-сіне қараған түні күзетте тұрған кезінде өзіне шабуыл жасаған екі қылмыскердің бетін қайтара алған қатардағы жауынгер Асқар Жақыпов қазір әскери госпитальде жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні түнде, сағат он екі жарымның шамасында спорт костюмін киген белгісіз біреулер 54770-әскери бөлімі қарауылының сақшысына шабуыл жасаған болатын.

Автоматын тартып алмақ болған әлгілер сақшының тамағына пышақ қадаған. Олардың мүлт кеткен жерін пайдаланған ол, пышақ ұстағанның қолынан тістеген. Шабуылдаушы пышақты түсіріп алған. Осыны пайдаланған жауынгер рациямен хабар беріп үлгерген. Әлгілер жауынгерді тағы біраз тепкілеп, содан кейін оқиға орнынан іздерін жасырған.

Оқиғаның ізін ала әскери полиция отряды, ішкі істер органдарының, прокуратураның, әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері тексеру шараларына кірісті. Шабуылдаушылар іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар