Жарияланды: 580

Семейде әскери бөлімшенің күзет жауынгеріне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

Семейде 54770 әскери бөлімшесінің күзет жауынгеріне шабуыл жасаған белгісіз екі адамды іздеу шаралары жүргізіліп жатқанына екі күн болды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуылдаушылар күзет жауынгерінің автоматын тартып алмақ болған, алайда жауынгер оларға қарсылық көрсеткен. «Бұл оқиға Семейдегі инженерлік-сапер бөлімшесінің жеке құрамы үшін күтпеген жағдай болды. Шабуылдаушылар постыға кіріп, ондағы сарбазды құлатпақ болған. Қатардағы жауынгер бұрын бокспен шұғылданған, ол қаскүнемдермен төбелесе жөнелген, сосын рациямен көмек шақырған. Шабуыл жасағандар қашып кетті, - деді 54770 ӘБ штаб бастығы Мереке Әлімбаев жұма күні. Қаскүнемдерді қалалық ішкі істер басқармасы мен және облыстық департаменті іздестіріп жатыр. Қазір олар түсініктеме беруден бас тартты. Қалаға кіре берісте полицияның күшейтілген нарядтары кезекшілік жасап, көліктердің бәрін мұқият тексеріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін