Семейде әскери бөлімшенің күзет жауынгеріне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде әскери бөлімшенің күзет жауынгеріне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

Семейде әскери бөлімшенің күзет жауынгеріне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

Семейде 54770 әскери бөлімшесінің күзет жауынгеріне шабуыл жасаған белгісіз екі адамды іздеу шаралары жүргізіліп жатқанына екі күн болды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 8 Шiлде 2011
  • 568
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуылдаушылар күзет жауынгерінің автоматын тартып алмақ болған, алайда жауынгер оларға қарсылық көрсеткен.

«Бұл оқиға Семейдегі инженерлік-сапер бөлімшесінің жеке құрамы үшін күтпеген жағдай болды. Шабуылдаушылар постыға кіріп, ондағы сарбазды құлатпақ болған. Қатардағы жауынгер бұрын бокспен шұғылданған, ол қаскүнемдермен төбелесе жөнелген, сосын рациямен көмек шақырған. Шабуыл жасағандар қашып кетті, — деді 54770 ӘБ штаб бастығы Мереке Әлімбаев жұма күні.

Қаскүнемдерді қалалық ішкі істер басқармасы мен және облыстық департаменті іздестіріп жатыр. Қазір олар түсініктеме беруден бас тартты.

Қалаға кіре берісте полицияның күшейтілген нарядтары кезекшілік жасап, көліктердің бәрін мұқият тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар