Ләйлә Сабырбаева, зардап шеккен оқушының әжесі:
-Енді ішіндегі ең ауыр болып тұрғаны, менің немерем! Қайдан білейін не болатынын? Тосып тұрмыз енді.
Қазір денсаулығы сыр берген 8 бүлдіршін ауруханада жатыр. Олардың екеуі ауыр жағдайда. Біреуі жансақтау бөліміне түсіпті. Тиісті ем-дом жасаған дәрігерлер өмірлеріне еш қауіп жоқтығын айтуда. Жедел жәрдем шақыртқан балалардың барлығы бастауыш сыныптың оқушылары. Көбі бар пәлені балықтан көріп отыр. Қазір мектеп асханасының есігіне қара құлып салынды. Енді ол тексеріс біткенге дейін жабық тұрады.
Эльвира Исабаева, Семей қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы басшысының орынбасары:
-Балалардың барлығы кешеден бастап өздерін жайсыз сезінген. Науқастардың барлығына ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Олардың жүрегі айнып, қызуы көтерілген. Қазір дәрігерлердің бақылауында.