Семейде автокөлік соғып кету салдарынан үш жасөспірім зардап шекті
Семейде автокөлік соғып кету салдарынан жаяу жүргінші үш жасөспірім зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жол апаты 20-қаңтар күні кешке қарай Әуезов атындағы даңғылда болған. "УАЗ-69" автокөлігінің жүргізушісі 14-15 жас аралығындағы үш жасөспірімді соғып кетті. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін