Семейде автокөліктерді айдап әкетуге қатысты қылмыстар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде автокөліктерді айдап әкетуге қатысты қылмыстар саны артты

Семейде автокөліктерді айдап әкетуге қатысты қылмыстар саны артты

Семейде автокөліктерді айдап әкетуге қатысты қылмыстар саны артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 389
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың 10 айында автокөлік құралдарын айдап әкету оқиғалары 58 мәрте тіркелген. Запас бөлшектер түрінде бөлшектеп сату тиімді болғандықтан көбінесе кеңестік кезеңдегі ескі көліктер тоналуда. Көлік ұрлаушылардың басым көпшілігі бұған дейін де осындай қылмысы үшін сотталғандар немесе жастар болып келеді,- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, автокөліктердің салонынан дүние-мүліктер ұрлау оқиғалары да көбейді. Полицейлердің пайымдауынша, ондай әрекетке автокөлік иелерінің өзі кінәлі. Олардың көпшілігі көліктерін ашық тастайды, дабыл жүйесін орнатпайды, ал ұрлық бола қалған күннің өзінде бұл туралы полицияға дер кезінде хабар бермейді дейді олар. ІІБ-ның баспасөз қызметіндегілер қылмыстың бұл түрін ең ашылмайтын қылмыстар қатарына жатқызып отыр.

Соңғы жаңалықтар