Семейде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Семейде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Бүгін, 24-қаңтарда Семейде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының кезекші бөлімінен хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2005
  • 349
Фото - Caravan.kz

23-қаңтардан бері қалада сынап бағанасы 30 градус аяздан бір көтерілмеген. Бүгін таңертең тіпті ауаның температурасы 35 градус аязды көрсетті. Осыған байланысты мектептерде 1-11 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды.

Күн райын болжаушылардың жорамалына сәйкес, Семейдегі бұл аяз қаңтардың үшінші онкүндігінің аяғына дейін сақталады.