Семейде банкоматтан Т5 млн ұрлаған қылмыскерлер іздестірілуде
Семей оперативниктері Әуезов даңғылындағы банкоматтан Т5,112 млн ақша ұрлап кеткен қылмыскерлерді іздестіруде, деп ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. |
«Бәрі кешкісін болды. Үш қылмыскер Әуезов даңғылының бойындағы дәріхана жанындағы банкоматқа көлікпен келіп, фармацевтке өздерін апаттық қызмет жұмысшыларымыз деп таныстырып, одан соң оны қосалқы бөлмеге қамап қойған», - деп бейсенбі күні департаменттен хабарлады.
Полицейлердің айтуынша, қылмыскерлер газ дәнекерлеуші аппаратымен банкоматты ашып, ішінен Т5 млн-нан астам ақшаны алып кеткен.
Қылмысты ашу үшін Семей полицейлерінің тәжірибелі мамандарынан тұратын арнайы тергеу тобы құрылды. Қылмыскерлердің фотороботы жасалып, куәлар іздестірілуде.
«Қылмыскерлердің барлығының жасы 20-25-терде, еуропалық ұлт өкілдері, шымыр денелі, спорттық киім киген, қара көзілдіріктері бар. Өкінішке қарай оларды іздестіруді бейнебақылау камераларының жоқтығы қиындатып тұр», - деді ІІД-нен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін