Семейде банкоматтан Т5 млн ұрлаған қылмыскерлер іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде банкоматтан Т5 млн ұрлаған қылмыскерлер іздестірілуде

Семейде банкоматтан Т5 млн ұрлаған қылмыскерлер іздестірілуде

Семей оперативниктері Әуезов даңғылындағы банкоматтан Т5,112 млн ақша ұрлап кеткен қылмыскерлерді іздестіруде, деп ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Бәрі кешкісін болды. Үш қылмыскер Әуезов даңғылының бойындағы дәріхана жанындағы банкоматқа көлікпен келіп, фармацевтке өздерін апаттық қызмет жұмысшыларымыз деп таныстырып, одан соң оны қосалқы бөлмеге қамап қойған», — деп бейсенбі күні департаменттен хабарлады.

Полицейлердің айтуынша, қылмыскерлер газ дәнекерлеуші аппаратымен банкоматты ашып, ішінен Т5 млн-нан астам ақшаны алып кеткен.

Қылмысты ашу үшін Семей полицейлерінің тәжірибелі мамандарынан тұратын арнайы тергеу тобы құрылды. Қылмыскерлердің фотороботы жасалып, куәлар іздестірілуде.

«Қылмыскерлердің барлығының жасы 20-25-терде, еуропалық ұлт өкілдері, шымыр денелі, спорттық киім киген, қара көзілдіріктері бар. Өкінішке қарай оларды іздестіруді бейнебақылау камераларының жоқтығы қиындатып тұр», — деді ІІД-нен.

Соңғы жаңалықтар