Диспетчерлік қызметтің ақпаратына сәйкес, 16-наурызда қала орталығындағы 103 қазандықтың орталық жылу желісі жарылған. Осыған байланысты бүгін таңертеңгі сағат 5-те ҚКК басшылығы қазандық жұмысын біржола тоқтата тұруға мәжбүр болды. Соның салдарынан 70 үй жылусыз және ыстық сусыз қалды.
Қазір апат зардаптарын жоюға шұғыл шаралар алынуда.