Семейде белгісіз құрылғының жарылуы салдарынан бір үй қирап, бір адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде белгісіз құрылғының жарылуы салдарынан бір үй қирап, бір адам мерт болды

Семейде белгісіз құрылғының жарылуы салдарынан бір үй қирап, бір адам мерт болды

Семейде белгісіз құрылғының жарылуы салдарынан бір үй қирап, бір адам мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 26 Қазан 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сосновая көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үйде жарылыс болған. Жарылыс салдарынан үйдің екі бірдей сыртқы кірпіш қабырғасы, бөлмеаралық қабырғалар мен 20 шаршы метрлік темірбетон жабынды құлады.

Жарылыс салдарынан 58 жастағы пәтер қожайыны жараланды. Қазір ол әл үстінде ауруханада жатыр. Сонымен бірге жарылыс кезінде ас бөлмесінде болған көрші пәтердегі 52 жастағы адам қаза тапты.
Оқыс оқиға орнына өрт сөндірушілер, төтенше жағдайлар басқармасы мен құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері келді. Жарылыс белгісіз құрылғының жарылуынан болған деген жорамал бар. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта