Қалада қазір көп қабатты 177 үй осы қара тізімде ілінген. Әіресе ішіндегі 13 үйдің берешегі бастан асып кетіпті. Қарызы 25 млн теңгеге жеткен. Егер қызмет ақысы өтелмесе, тұрғындардың тоңатын түрі бар. Жалпы қала тұрғындары мен кәсіпкерлері коммуналдық мекемеге 360 млн теңге берешек. Жылу кәсіпорнының мамандары жаз бойы борышкерлерге қатысты түрлі шара қолданып бақты. Тіпті құбырларын кесіп, дүние мүлкін тәркілеуге дейін барған болатын. Алайда қарыздан құтылу қиынға соғуда. Оның үстіне тұрғын үйлердің біразы жылу қабылдауға дайын болмай шықты.
Асхат Қосжанов, Семей қаласы әкімінің орынбасары:
-Қарызды мүлдем қайтармаған 13 үйді қоспаймыз. Олар берешекпен бірге қысқа да уақытылы қамданбаған. Жылу берсек те, бәрібір оны қабылдай алмайды.