Семейде беталды ашылған шағын базарлар жабылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде беталды ашылған шағын базарлар жабылуда

Семейде беталды ашылған шағын базарлар жабылуда

СЕМЕЙ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Семей қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары құқық қорғау мекемелерімен бірлесіп қала аумағындағы беталды ашылған шағын базарларды жоюға бағытталған рейд өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Тамыз 2006
  • 450
Фото - Caravan.kz



«Рұқсат берілмеген сауда жаймаларын жою шаралары орталық базар мен автобекет маңындағы көшелерде жүргізілді»,- деп хабарлайды Семей қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Бағлан Шегедеков. «Мәселен, Аймауытов көшесінде сауда сататындардың басым бөлігінде рұқсатнама құжаттары жоқ. Бұл жерлерде киім-кешек және шаруашылық бұйымдарымен бірге азық-түлік те сатылады»,- деді ол.

8 сағатқа созылған рейд барысында 40 ескерту беріліп, 10 әкімшілік айыппұл салынды.

Б.Шегедековтың пайымдауынша, осындай заңсыз жаймалардың ашылуына бірінші кезекте дүкендер мен дәріханалардың қожайындары кінәлі. «Олар өздеріне қарасты ғимараттардың жанында сауда-саттық жүргізуге рұқсат береді. Ал тәртіп бойынша бес метрлік санитарлық аймақ болуға тиіс, бұл жерлерде сауда сатуға тыйым салынады»,- деді маман.

Санитарлық дәрігерлер тәртіп сақшыларымен бірлесіп осындай рейдтерді апта сайын өткізіп тұрмақшы.

Перейти к новостям спорта