Семейде білім беру қызметкерлеріне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде білім беру қызметкерлеріне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды

Семейде білім беру қызметкерлеріне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды

Семей. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде білім беру қызметкерлеріне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы кеше қаржы полициясының Семей өңірі бойынша басқармасынан хабарланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Тамыз 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 22 қылмыстық істің ішінде үшеуі қаланың жалпы білім беретін мектептерінің директорларына қатысты қозғалған. «Мысал үшін, №35 мектептің директорына қатысты сот үкімі заңдық күшіне енді. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-тармағында (Қызметтік жағдайын пайдалана отырып сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе шығындау) және 314-бапта (Қызметтік жалған құжат) қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп тапты. Ол лауазымын асыра пайдалана отырып өзінің туысқанын аула сыпырушы ретінде жұмысқа қабылдаған. Тергеу шараларының барысында аула сыпырушының жұмысын іс жүзінде мектептің техникалық персоналы орындағаны, тиісінше олардың еңбегі төленбегені анықталды», — деп түсіндірді қаржы полициясының басқармасы.

«Директордың мүлкі тәркіленіп 1,5 жылға шартты түрде сотталды», — деп атап көрсетті басқарма өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар