Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 22 қылмыстық істің ішінде үшеуі қаланың жалпы білім беретін мектептерінің директорларына қатысты қозғалған. "Мысал үшін, №35 мектептің директорына қатысты сот үкімі заңдық күшіне енді. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-тармағында (Қызметтік жағдайын пайдалана отырып сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе шығындау) және 314-бапта (Қызметтік жалған құжат) қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп тапты. Ол лауазымын асыра пайдалана отырып өзінің туысқанын аула сыпырушы ретінде жұмысқа қабылдаған. Тергеу шараларының барысында аула сыпырушының жұмысын іс жүзінде мектептің техникалық персоналы орындағаны, тиісінше олардың еңбегі төленбегені анықталды", - деп түсіндірді қаржы полициясының басқармасы.
"Директордың мүлкі тәркіленіп 1,5 жылға шартты түрде сотталды", - деп атап көрсетті басқарма өкілдері.