Семейде бір қылмыскер түрмеден қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде бір қылмыскер түрмеден қашып кетті

Семейде бір қылмыскер түрмеден қашып кетті

СЕМЕЙ. 30-қазан. Kazakhstan Today. Семейде бір қылмыскер түрмеден қашып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қаласының түзету мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі арнаулы мамандандырылған прокуроры Айтмағамбет Серғазин хабарлады.

  • 30 Қазан 2006
  • 354
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазанның 28-інен 29-ына қараған түні Жарма ауданының Солнечный ауылында орналасқан жалпы тәртіпті ОВ-156/18 абақтысында отырған тұтқын қашып кеткен. «Қамаудағы адам негізгі қоршаудан өту арқылы белгісіз жағдайда қашып кеткен. Әскерилер қоршаудың осы тұсында күзет қоймай, қателікке жол берген деп санаймын»,- дейді прокурор. 22 жастағы қашқын осы жылдың тамыз айында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Қазір қашқынды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараға қылмыстық атқару жүйесінің барлық шұғыл қызметтері, соның ішінде республикалық қызметтер де жұмылдырылған. Сонымен бірге қашқынның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу» жөніндегі 358-бабы, 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Прокурордың айтуынша, бұл соңғы үш жылдағы бірінші абақтыдан қашу оқиғасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта