Семейде бір тонаушы 80 жастағы зейнеткерді қайшымен жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде бір тонаушы 80 жастағы зейнеткерді қайшымен жарақаттады

Семейде бір тонаушы 80 жастағы зейнеткерді қайшымен жарақаттады

СЕМЕЙ. 6-қараша. Kazakhstan Today. Семейде 80 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семейдегі Затон полициясы бөлімінің инспекторы Данияр Жағыпаров хабарлады.

  • 6 Қараша 2006
  • 479
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшысының хабарлауынша, зейнеткерге өткен жұмада өз пәтерінде шабуыл жасалған. «13 сағатта белгісіз біреу есікті қағып, немереңмін деп хабар берген. Қария есікті ашқан кезде үйге басып кірген қылмыскер, оның тамағына пышақ тіреп, еденге жығып алып тұншықтырып, ақша талап еткен. Осыдан кейін қайшыны бас салған әлгі онымен зейнеткерді бетінен бірнеше жерден жарақаттаған. Үйден ақша таппаған қылмыскер теледидарды алып ізін жасырған»,- дейді Д.Жағыпаров.

Қалада арнаулы операция жарияланып, күдікті бір жарым сағаттан кейін қаладағы орталық базарда ұсталды. «30 жастағы Семей тұрғыны базарда ұрланған теледидарды 5 мың теңгеге сатпақ болған».

Жәбірленген ер адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Ол бетінен, басынан және кеудесінен жарақаттанған.

Тұтқынның үстінен қарақшылық шабуыл және тонаушылық жөніндегі екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қазір біз күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатырмыз. Бұл оның қалада жасаған алғашқы қарақшылық шабуылы емес деп ойлаймыз»,- деді полиция капитаны.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта