Екі күндік тестілеу шарасы нәтижесінде түлектердің 30 проценті 40-тан төмен балл жинап, «қанағаттанарлық емес» деген бағаға ие болса, 60 проценттен астамы «орташа», 15,5 проценті «жақсы», бар болғаны 0,4 проценті «өте жақсы» деген баға алды.
Б.Файзулиннің айтуынша, түлектер жинаған ең төменгі балл 18, ең жоғарғы балл 108 болды. Алты түлек апелляциялық арыз берді.
«Екі күнге созылған Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы қазіргі түлектердің білім деңгейі ойдағыдай емес екенін көрсетті. 1999-жылдан бергі тестілеу көрсеткіштері жыл сайын бірдей шығып, оқушылардың білім деңгейінде қандайбір секіріс байқалмай отыр»,- деді Б.Файзулин.
Жалпы алғанда Семей өңірі бойынша 2004-жылғы мектеп түлектерінің 87 проценті бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуға өтініш білдірді. Бірыңғай ұлттық тестілеу шарасын өткізетін аймақтық бөлімше ретінде Семей педагогикалық институты таңдап алынды.