Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 7-шілдеде Затон полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Первомайская көшесіндегі дүкеннің тоналғаны туралы ақпарат келіп түсті. 22-23 жастағы екі жігіт тауарларды иемденіп алып, ақшасын төлеместен, кетіп қалған. Жарты сағаттан кейін тағы екі дүкеннен осындай ақпарат келіп түсті. Жалпы алғанда айналасы екі сағаттың ішінде қарақшылар алты дүкенді тонап үлгерген.
Олар мініп жүрген авткөліктің номерін байқап қалған куәгерлерлің арқасында қылмыскерлер ізі суымай ұсталды.
Ұсталған көлікте 5 адам отырған. Тоналған тауар жаппай тәркіленді. Олар көбінесе ішімдіктер мен темекі тонаса керек. Қазір ұсталғандар Әуезов полиция бөлімшесінде отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.