Семейде Ертістің сол жақ жағалауында тазарту құрылғылары құрылысының ақырғы кезеңін салуға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Ертістің сол жақ жағалауында тазарту құрылғылары құрылысының ақырғы кезеңін салуға кірісті

Семейде Ертістің сол жақ жағалауында тазарту құрылғылары құрылысының ақырғы кезеңін салуға кірісті

СЕМЕЙ. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде Ертістің сол жақ жағалауында тазарту құрылғылары құрылысының ақырғы кезеңін салуға кірісті. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аймақтық басқармасы бастығының орынбасары Советқазы Ыбыраев журналистерге хабарлады.

  • 10 Қаңтар 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ақырғы кезеңде биологиялық тазарту құралдары орнатылады. Сонымен бірге 200 гектардан астам астам аумақта сүзгі алаңы жасалады. Бұл мақсатқа 536 млн. теңге бөлінген.

Жаңа тазарту жүйесі тәулігіне 150 текше метр су өңдеуге мүмкіндік береді. Ал қазіргі қуат небәрі 94 текше метрге тең. Құрылыс жұмыстары үш кезеңмен жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге тең. Ол 2008-жылы жүзеге асырылып аяқталады деп межеленген.

Экологтардың атап көрсетуінше, тазарту құрылғыларының қалыпты жұмыс істеуіне Ертістің, соның ішінде су бассейні бойынша көрші елдердің экологиялық ахуалы тікелей байланысты. Бүгінде Семейде бір ғана тазарту құрылғысы тиімсіз жұмыс істейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта