Семейде көлікте болған қыз бен жігітке иіс тиіп, қаза тапты, деп хабаралайды Sputnik.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға 7 қаңтар күні кешкісін гаражда болыпты.
"Қыз бен жігіт гаражда тұрған көліктің ішінде болған. Тоңып қаламыз деп, көлікті өшірмеген сыңайлы. Мәйіттерін кешке төңіректі шолып шыққан күзетші тауып алды", — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
Бастапқы деректер бойынша, қыз бен жігіт иіс газына тұншығып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.